jasqazaq.kz

Атырау облысында сирек кездесетін құс табылды

09 шiлде 2021, 10:42

Атырау облысының Қызылқоға ауданында сирек кездесетін құс табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Нұрлан Иманғалиевтің айтуынша, 8 шілдеде әлеуметтік желіде Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылының тұрғындары сұқсыр үйрекке ұқсас құс табылғанын жариялаған. «Құс адамдардан үркімеген. Біздің инспекторлар ауыл тұрғындарымен байланысқа шықты. Тұрғындар тауып алған құсты Атырауға келе жатқан көлік жүргізушісі арқылы беріп жіберді. Инспекторлар құсты тексеруден өткізіп, жарақаттанбағанын анықтады. Сұқсыр үйрекке ұқсас құс «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы арқылы теңізге құятын каналға жіберілді» -дейді Нұрлан Иманғалиев. Жергілікті орнитолог, «Қансонар» республикалық қауымдастығы өңірлік өкілдігінің директоры Александр Ивасенконың айтуынша, Атырау облысында сұқсыр үйректің бірнеше түрі кездеседі. Мұндай құс Қызыл кітапқа енбеген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия