jasqazaq.kz

Атырау облысында өртсөндірушілер мен полицейлер жанжалдасып қалды (Видео)

05 шiлде 2022, 15:19

Атырау облысында полицейлер мен өртсөндірушілер жанжалдасып қалды. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстың Полиция департаменті пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрлардан полицейлер мен өртсөндірушілер жанжалдасып қалғанын көруге болады. Бірақ жанжал неден шыққаны түсірілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бұл кадрларға түсініктеме беріп, өртсөндіруші мен полиция қызметкері арасында төбелес болмағанын айтты.

«Иә, ондай жағдай болды. Атырау облысында өрт болды. Біздің күштер өрт болған жерге барып, оны сөндіруге кіріскен, бірақ аумақты сөндіру кезінде тұрғындар, бейтаныс адамдар жүрген. Өрт сөндіру барысын басқарған біздің қызметкер полицейлерден оларды шығаруды сұраған, оған полицей дөрекі жауап берген. Сол кезде олардың арасында кикілжің болған. Ешқандай төбелес болған жоқ. Кейін оларды ажыратқан. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», — деді Талғат Уәли.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

ТЖМ екі тараптың уәждері тексерілетінін атап өтті. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.

Атырау облысының Полиция департаменті де қызметкерлер арасында түсініспеушілік болғанын растады.

«2 шілдеде Полиция департаменті әлеуметтік желіде ТЖД қызметкері мен патрульдік полиция қызметкері арасындағы жанжал түсірілген видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Қызметкерлердің бейнежетондарынан алынған бейнежазбалар қаралып, осы хабарлама кезінде барған қызметкердің бәрі тексерілді. Екі қызметкердің арасында түсініспеушілік туындаған, зардап шеккендер жоқ», — деді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары қызметтік тексеру қорытындысы бойынша патрульдік полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылғанын нақтылады. Өртсөндірушіге қатысты шешімді Төтенше жағдайлар департаменті қабылдайды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді