jasqazaq.kz

Атырау облысында мешітке келген тұрғынды бір топ қызметкер күштеп шығарып жіберген (Видео)

24 тамыз 2022, 11:52

Атырау облысында мешітке келген тұрғынды бір топ адам жиналған жамағаттың көзінше күштеп шығарып жіберген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ATPress.kz порталының жазуынша, оқиға 19 тамыз күні қаладағы Атырау селолық (Дамбы) мешітінде болған. Мешітте имам уағыз айтып жатқанда мешітке тұрақты жамағатының бірі телефонына қарап отырған.

Осы жайтқа қатысты ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Оның бұл әрекеті жанындағы жамағатқа кері әсерін тигізген. Олар Т. есімді азаматтан уағыз кезінде телефон ұстамауын, имамның насихатын тыңдауын сұрайды. Жамағат тарапынан оған бірнеше рет ескерту жасалады. Алайда Т. ескертуге құлақ аспаған. Керісінше, мешіт ішінде дауыс көтеріп, шу шығарады. Мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, қарапайым әдеп қағидаттарын өрескел бұзған. Осыдан кейін белсенді жамағат оны наиб имамдар бөлмесіне апарған. Мешіттің наиб имамдары ол азаматпен жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді», — деді ҚМДБ өкілі.

Мешіт қызметкерлерінің түсіндірмесінен кейін ауыл тұрғыны кінәсін түсініп, жамағаттан кешірім сұраған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр