jasqazaq.kz

Атырау облысында мектепке кіріп келген жартылай жалаңаш, денесі қан ер адам оқушыларды шошытты

12 желтоқсан 2021, 16:32

 

10 желтоқсанда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында жартылай жалаңаш ер адам мектепке кірген. Оны көрген оқушылар қорқып, бейнежазбаға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме беріп хабарлайды.

“36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор ауылындағы айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кетеді. Кейін денесі қанап, полицияны көргенде қаша жөнелген. Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған, – деді Атырау облысы полиция департаментінде.

«Полицейлерді көріп, ол жасырынуға тырысып, мектеп-интернаттың ауласына жүгірді, сол жерде ұсталды», – деді департаментте.

«Қараңдар, маньяк! Оның қолында ағаш бар», – деп қорыққан оқушылар мектептің терезесінен оны видеоға түсірді.

Ер азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ мас болды ма әлде психикалық ауытқушылық орын алды ма, нақты айтылған жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде