
Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайдың 14 азаматын елден шығару туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды Аzh.kz.
Шығарылған шетелдіктердің барлығы — салынып жатқан Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолының Сағыз-Мұқыр учаскесінде жұмыс істеп жатқан қытайлық «Shanghai Construction» құрылыс компаниясының жұмысшылары. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚХР азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-тармағына (елде болуға ниет еткен шетелдiктiң мерзімнен астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей ҚР заңнамасын бұзуы) сәйкес, әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.