jasqazaq.kz

Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

23 шiлде 2021, 17:29

Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген. «Кеше желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге жетті. Қатты желдің салдарынан сағат 16:39 минут Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Бүлінген аумақтың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, бұл мектеп 1978 жылы салынған. Мектепке 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында сұрапыл жел үш мектептің шатырын ұшырғанын хабарлаған болатынбыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия