jasqazaq.kz

Атырау облысында кәсіпкер баспанасыз жүрген ұстазына 5 бөлмелі үй сыйлады

30 қыркүйек 2021, 17:42

Атырау облысында тұратын мұғалім 30 жыл бойы өзі ұстаздық еткен бұрынғы мектеп ғимаратында тұрған. Зейнеткер Әлия Каленова жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі ұлымен ескі ғимаратты мекен етіп келген. Әкімдік пен білім басқармасына қанша мәрте жүгінсе де, еш нәтиже болмапты. Ақырында жалғызбасты анаға өзінің оқушысы үй сыйлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әділ Жұбанов тек ұстазына ғана емес, Махамбет ауданының өзге тұрғындарына да қол ұшын созған болып шықты.

Сартоғай ауылында тұратын Әлия Каленова баспаналы боламын деп ойламаған. Бүгінде бес бөлмелі үйдің иесі. Ескі ғимаратта тұрып жүргенде бұрынғы оқушысы, бүгінде кәсіпкер Әділ Жұбанов қонаққа келіп, көмек қолын ұсынған.

«Ол үй әрең тұрған. Әне-міне құлап қалар еді. Ол бұрын өзім сабақ берген ескі мектептің ғимараты. Сол жерде 30 жыл тұрдым. Енді жаңа үйім бар. Қуанышымда шек жоқ, сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – дейді зейнеттегі ұстаз.

Аудан тұрғыны Маргарита Сейталиева да жақында қоныс тойын тойлады. Көпбалалы ана бұған дейін 4 баласымен жатақхана мен времянкаларда тұрып келген. Бүгінде бар қиындықты артта қалдырды. Кәсіпкер көпбалалы отбасыға қаланың қақ ортасынан пәтер сыйлаған.

«Көгеріп кеткен үйде тұрдым. Сол үшін балалар жиі ауыратын. 8 наурыз қарсаңында осы үйді сыйға тартты. Үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді Маргарита Сейталиева.

Жасаған ісін жария еткісі келмейтін қайырымды жан аудан мен ауылдың өзге тұрғындарын да қолдайды екен. Мәселен, бір отбасының несиесін жауып берген.

Жалғызбасты ана карантин кезінде қарыз алып, ақырында төлей алмаған.

«Жағдайымды айттым. 4 жылға несие алғанмын, бірақ төлеуге қиналып кеттім. Ол маған бірден көмектесті», – дейді аудан тұрғыны Айман Салиева.

Енді атыраулық кәсіпкер «Туған жер» бағдарламасы аясында өзі туған ауылда жолдар мен мектеп салуда. Болашақта өзге де әлеуметтік жобаларға қатыспақ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия