jasqazaq.kz

Атырау облысында істі бұрмалаған полицей сотталды

03 қантар 2019, 10:03

Атырау облысында істі бұрмалаған полицей сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында «Әкімшілік іс бойынша процессуалдық құжаттарды бұрмалау» бабы бойынша қылмыс жасаған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы уәкілетті орган қызметкері бола тұра, әкімішілік іс бойынша дәлелдерді бұрмалаған. Ол қоғамдық орында темекі тартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Хаттамада зардап шегушінің қолы мен қолтаңбасын сырттай ұқсатып қойған», — деп хабарлады Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен. Зардап шегуші сотта тасжолда келе жатқан кезде оны полицейдің тоқтатып, шырағын жақпағанын ескерткенін айтты. Полицей әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, оның орнына жүргізушіге бос қағаз беріп, қол қоюын сұраған. Кейін зардап шегуші оған қоғамдық орында темекі тартқаны үшін айыппұл салынғанын білген, алайда ол ешқашан темекі шекпеген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде