jasqazaq.kz

Атырау облысында балабақшаны талқандаған жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды

22 қазан 2022, 14:54

Атырау облысында балабақшаны талқандаған балалардың ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 ата-анаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

«Биылғы 1 қазанда сағат 15:00 шамасында кәмелетке толмаған балалар Құлсары қаласындағы балабақша ғимаратына заңсыз кірген. Олар балабақшадағы ойыншықтар мен орындықтарды, гүлдерін лақтырып, өрт сөндіруге арналған құрылғыдан шашқан. Есіктердің әйнегін сындырған 6 жасөспірімнің заңды өкілдерінің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, баянатпен, сауалнама хаттамаларымен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен толық дәлелденді», — деп мәлім етті аталған соттың баспасөз қызметінен.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларының жасаған әрекетіне өкініп, аз мөлшерде айыппұл тағайындауды сұраған.

«Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне 441 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазасын қолданды. Бұл тағайындалған айыппұл сомасының 30% құрайды», — деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр