jasqazaq.kz

Атырау облысында ауылдардың бірін су басты

31 наурыз 2022, 11:40

Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылын су басты. Мұндағы жиырмадан астам үйге су басу қауіпі төнді, деп хабарлайды Stan.kz.

Түнгі уақытта ауыл тұрғындары үйлерін тастап, қауіпсіз орынға кетуге мәжбүр болған. Қазір адамдарды колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.

«Адамдарды эвакуациялау және қорғаныс бөгеттерін салу үшін екі жүз қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында еріктілер мен полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ онға жуық арнайы техника жұмылдырылған», – делінген жергілікті ATPress ұсынған мәліметте.

Ауыл тұрғындары ақпан айынан бері осымен үшінші рет өзеннің арнасынан тасығанын айтады. Ал жергілікті билік жағдайдың бақылауда екенін айтып сендірді.

Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті су басу қауіпі төнген үйлер маңында құмнан бөгет салынғанын мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде