jasqazaq.kz

Атырау облысында ақша бопсалаған салафиттер ұсталды

06 ақпан 2018, 13:21

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«31 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау-Астрахан, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу халықаралық және қалааралық бағыттағы тасымалдаушылардан жүйелі түрде екі жыл уақыт бойы бопсалау арқылы ақша алып жүрген топты ұстады. Осы бағыттар бойынша шамамен 200 көлік жүрген. Ай сайын жүргізушілерден 5 000 — 25 000 теңге көлемінде ақша алып отырған», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ұсталғандардың деструктив бағыттағы бейдәстүрлі салафизм діни ағымын ұстанатыны айтылады. Қылмыстық құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Алты адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды