jasqazaq.kz

Атырау облысында 8-сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылған (Видео)

26 мамыр 2022, 11:39

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылында 14 жастағы 8-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары ұрған. Жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жасөспірімнің анасы Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша, оқиға 20 мамырда түстен кейін болған. Бала футбол ойнауға кеткен, бірақ осындай күйде оралған.

«Мұхамбет тамызда 15 жасқа толады. Оқу үлгерімі жақсы, 4 пен 5-ке оқиды. Мектеп тарапынан да, сыныптастарының ата-аналары тарапынан да тәртібіне байланысты шағым болмаған. Сол күні ұлым футболдан көңілсіз оралды, әрең қозғалды. Не болғанын сұрағанда, ойын кезінде құлағанын айтты. Содан кейін ол демалып қалды, кешкі асқа оянғанда, дірілдеп, орындыққа дұрыс отыра алмады. Келесі күні ол тағы да жата берді. Оның денесін қарасам, бәрі көгергенін көрдім. Бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға арыз жаздым, — деді Г.Мұсағалиева.

Жасөспірімді ауданнан облыстық ауруханаға апарған, онда «оң иығы көгерген, бел мен кеуде тұсынан жарақат алған» деген диагноз қойылған.

«Ұлымды 9 бала ұрған. Екеуі — 9-сынып оқушысы, қалғандары сыныптастары. Қазір олардың ата-аналары келіп, кешірім сұрап жатыр. Мұны жазасыз қалдырғым келмейді. Мектеп те жауап берсін», — деді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Исатай орта мектебінің директоры Айгүл Әділбаева істі полиция тексеріп жатқанын, тергеу аяқталғанша ештеңе айта алмайтынын жеткізген.

«Осы оқиғаға байланысты оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Балалар бұл оқиға сабақ аяқталғаннан кейін, ауылдың шетінде болғанын айтады. Қазір жәбірленушінің жағдайы қалыпты, ауруханада емделіп жатыр», — Исатай аудандық білім бөлімінің бастығы Гулайна Құрманғалиева.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырда 2007 жылы туған жасөспірімнің ата-анасынан арыз түскен. Күдікті ретінде Исатай орта мектебінің екі 9 сынып оқушысы анықталған. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр