jasqazaq.kz

Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

17 мамыр 2019, 17:46

Атырау облысының орыстілді мектептерінде 472 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы әкімдікте өткен мәжілісте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Облыстың бірқатар оқу орындарын араладық. Биыл 174 жас маман келеді деп жоспарланып отыр»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова. Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев маман тапшылығы жағдайында Қазақстанның өзге облыстарынан тәжірибелі педагогтарды шақырту керектігін айтты. «Қажетті мамандарды өңірімізге шақырыңыздар. Біз оларға барлық жағдайды жасап, үймен қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл мектеп директорларына да қатысты. Конкурс жариялап, тәжірибелі маман қойыңдар. Ешкім сіздерге кедергі келтіріп, қарсы тұра алмайды»,- деп атап өтті аймақ басшысы. Атырау облысы әкімінің айтуынша, маман іздеу жұмысын білім басқармасы ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдер де жүзеге асыруы тиіс. Осындай жағдайда ғана мәселе өз шешімін табады. Ол сондай-ақ оқу орындарындағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырып, оқу процесіне кедергі жасамау керектігін айтты. Жиында жазғы демалыс тақырыбы да қозғалды, Нұрлан Ноғаев оқу лагерлерін балаларға табиғи қолайлы жағдай жасалған жерлерде өткізуді жүктеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде