jasqazaq.kz

Атырау облысында 13 жасар қыз күйеуге тиген

27 тамыз 2020, 15:56

25 тамызда әлеуметтік желіде Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген жазба пайда болды. Кәмелетке толмаған қыз 2002 жылғы миялылық жігіттің отбасына келін болып түскен, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

«Тексеру барысында Атырау қаласының Привокзальный ықшамауданында тұратын кәмелетке толмаған қыздың былтыр желтоқсаннан бері Миялы ауылының жігітімен кездесіп жүргені анықталды. Көп кешікпей олар үйленеміз деп шешіп, үш баланы бір өзі өсіріп отырған анасы, неліктен екені белгісіз, ортаншы қызының Миялы ауылына келін болып түсуіне рұқсат берген. Күйеуінің әке-шешесі, тіпті, сырға салып, келін түсіру ырымын жасап та үлгерген. Бұл жаңалық ауыл тұрғындарына тез тарап, полиция да хабардар болды», — деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

– Қызылқоға аудандық ювеналдық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап, қыздың анасы шақырылды. Анасының қатысуымен аудандық аурухананың гинекологы қызды тексеріп, оның жыныстық қатынаста болмағанын және басқа да дене жарақатының жоқтығын анықтады. Дегенмен де, кәмелетке толмаған қызбен, оның «күйеуімен» және ата-аналарымен ҚР ҚК-нің 122-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Біздің мәліметіміз бойынша, қыз Миялыда бір аптадай болған. Екі жақтың ата-анасы балаларының бір-біріне шынайы ғашық екенін, ал олардың қарым-қатынасы рухани махаббат екенін растап отыр. Полицейлердің тексеру жұмыстарынан кейін қыз өз үйіне қайтарылды, ол бірнеше күннен кейін мектептегі сабағын жалғастырады. Биыл «қалыңдық» 8-сыныпқа көшкен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия