jasqazaq.kz

Атырау — Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшаққа құстар соғысты (видео)

11 қараша 2020, 10:51

SCAT авиакомпаниясының Атырау — Нұр-Сұлтан ұшағы ірі құстар тобымен соғысты.

Жолаушылардың бірі түсірген кадрлар желіде жарияланды. Видеода кейбір жолаушылардың қатты қорқып қалғаны байқалады. Бортта дүрбелең басталып кеткен.

«Біз өртеніп жатырмыз, иә? Мен қатты қорқамын! Мен қорқамын», — дейді әйел.

«Қыз, тыныштал, ештеңе болмайды. Бәрі жақсы болады», — деп тағы бір жолаушы оны тыныштандыруға тырысады.

МИИР баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң,10 қараша күні сағат 23.17-де қайта қонғанын хабарлады.

SCAT баспасөз қызметі Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқанда ұшақтың үлкен құстармен соқтығысқанын айтты.

Ұшақ командирі Иван Карпович әуежайға оралуға шешім қабылдады. Қону қалыпты режимде орындалды.

Ұшақ бортында 115 жолаушы болған деп хабарланды.

«Мәселе құстардың ұшаққа соқтығысуынан туындаған. Ұшақ командирі Иван Карповичтің жоғары кәсібилігі мен бүкіл экипаждың үйлесімді жұмысы арқасында ұшақ жерге аман-есен қонды», — деп атап өтті авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Рейстің тоқтатылғандығы атап өтілді. Жолаушылар билеттерді қайта брондау үшін SCAT компаниясына хабарласа алады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06🍁 (@atyrauoil.official)

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия