jasqazaq.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытында 400-ден астам қыз-келіншек жұмыс істейді

07 наурыз 2020, 20:11

Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік буындарында 400-ден астам қыз-келіншек жұмыс істейді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еліміздің мұнай өңдеу саласындағы байырғы кәсіпорынның өндірістік буындарында жоғары сапалы өнім шығаруға ерлермен бірге қыз-келіншектер де өз үлесін қосып келеді. Қазір олардың саны 400-ден асты.

«Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше цех, бірнеше химиялық зертхана бар. Бұларда жұмыс жасайтын мамандар буыны жыл сайын ауысып тұрады. Бізде жұмысқа қабылданған мамандарды ер-азамат, әйел деп бөлмейміз. Ең бастысы –өзінің атқаратын жұмысын жетік білуі. Сол себептен, бізге келетін жыл сайын мамандардың арасында қыз-келіншектер де кездеседі. Қазір біздің зауытта 400-ден астам қыз-келіншек жұмыс істеп жүр. Олар –химимялық сараптама лаборанттары, инженерлер, операторлар, экономистер, есепшілер, заңгерлер. Біз зауытта осындай жауапты жұмысты атқарып жүрген қыз-келіншектер еңбегін жоғары бағалаймыз. Өйткені, олардың бәрі де зауытта өз мамандығының шеберлері, өндірістің көрсеткіштің жақсаруына, ұжымдық табыстың молаюына үлес қосып келеді. Бәрі де отбасында сүйікті жар, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы ана. Әріптес қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін» -деді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткен шарада Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбай.

Кәсіпорын басшысы мерекеге орай отандық мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына лайықты үлесін қосып жүрген 40-тан астам қыз-келіншекті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің алғыс хатымен марапаттады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия