jasqazaq.kz

Атырау магистраль желі бөлімшесінің директоры қамауға алынды

21 қазан 2022, 10:19

Атыраудағы «Қазақстан темір жолы» АҚ «Атырау магистраль желі бөлімшесі» филиалының директоры қамауға алынды. Антикордың мәліметінше, Елубай Сапаров қызмет бабын пайдаланып кәсіпкерден 1 жарым миллион теңге пара алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір лауазымды тұлға тергеу абақтысында отыр. Тергеу осыдан бір ай бұрын басталған. Бірақ Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл іске қатысты өзге ақпарат жариялауға болмайтынын айтты.

Нұрлан Жахин, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары:

— Өзге де жәбірленушілерді анықтау мақсатында Сапаровтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл департаментіне дереу хабарлауды сұраймыз: 71-75-07, 8702 609 68 49. Өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай, жария етілмейді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр