jasqazaq.kz

Атырау қаласының маңында балық қырылды (Видео)

26 сәуiр 2022, 17:31

Атырау қаласының маңында балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балық қырылғаны туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Осыған байланысты Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы түсінік берді.

«Видео биыл түсірілген. Бірақ, қырылған балық дабыл қағатындай көп емес. Нақты саны қосымша хабарланады. Бұл жағдай Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болған», -дейді ​ басқарма басшысы Артур Сәдібекұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, балықтың қырылуына байланысты арнайы комиссия құрылған. Оның құрамында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері бар. Мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр