jasqazaq.kz

Атырау қаласының әкімі болып Оразбаев тағайындалды

17 қантар 2020, 20:01

Қайрат Оразбаев жаңа қызметке ие болды. Ол Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды.Бұл туралы NUR.KZ. хабарлады.

Оразбаевтың Атырау қаласына басшы болғандығы туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.

Бұған дейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры міндетін атқарушы болып қызмет еткен.

Оразбаевтың еңбек жолы 1979 жылы басталды. Ол «Маңғыстаумұнайгаз барлау» кешенді экспедициясында оператор лауазымын алған.

Содан кейін Қазан химия-технологиялық институтына түсіп, «Мұнай өңдеудің химиялық технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сертификатталған маман болғаннан кейін Оразбаев Гурьев мұнай өңдеу зауытына жұмысқа орналасады. Кейіннен ол жердің атауы Атырау мұнай өңдеу зауыты болып өзгерген.

Кәсіпорында жұмыс істеген жылдары Оразбаев ерен еңбегінің арқасында қарапайым оператордан бас директор лауазымына дейін көтерілді. Шенеунік ұзақ уақыт бойы бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ, әр жылдары ол директордың орынбасары және түрлі кәсіпорындарда департамент директоры лауазымына ие болды.

2018 жылы Оразбаев «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар, шенеунік белсенді қоғамдық ұстанымға ие — ол облыстық мәслихаттың депутаты болып, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының саяси кеңесіне сайланды.

2015 жылы оған «Атыраудың Жыл адамы» атағы берілді.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық