jasqazaq.kz

«Атырау» футбол клубына жаңа басшы келді

22 ақпан 2020, 12:22

«Атырау» футбол клубына жаңа басшы келді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Өткен маусымда «Атырау» футбол командасының нашар ойын көрсеткені жанкүйерлерді бей-жай қалдырмады. Футболсүйер қауымның қызығушылығы мен олардың билік өкілдеріне үндеуі назарға ілікті. Қазір команда кезекті оқу-жаттығу жиынында. Ал клуб әкімшілігінде алғашқы өзгеріс болды. «Атырау» футбол клубына жаңа басшы тағайындалды. Ол — Ізтұрған Баймұханов», — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы 1957 жылы 5 қыркүйекте Гурьевте туған.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Атырау клубының болашақ президенті еңбек жолын 1976 жылы «Гурьевмұнайгазбарлау» ӨБ техник мамандығынан бастады.

Әр жылдарда Баймұханов мырза «Қазмұнайгаз-Тельф», «Арна ойл», «ҚазГерМұнай», «Ембімұнайгаз» сынды компанияларда басшылық қызметте болды. 2018 жылдың 21 шілдесінен жаңа тағайындауға дейін «Атырау облысының кәсіподақ орталығының» төрағасы қызметін атқарды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия