jasqazaq.kz

Атына 11 бөтен көлік тіркелген алматылыққа ХҚКО жауап берді

29 қараша 2021, 10:12

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілі айтып берді.

Министрлік мәліметінше, бұған дейін «Қарасай» ХҚКО-сына Жанғозиннің атынан біреу жүгінген.

«Бұл азаматтың атынан «Қарасай» ХҚКО-сына сенімхат бойынша жүгіну дерегін растаймыз. Қазіргі уақытта бұл іске қатысы бар тұлғаларды анықтадық. Қызметтік тексеруден кейін істі құқық қорғау органдарына жібереміз», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» өкілі.

Мамандандырылған ХҚКО-да қызмет көрсету кезінде құжаттағы суреттің жасырылуы мәміленің күмәнділігін көрсететіні айтылды.

«Алдағы уақытта мұндай деректерді болдырмау үшін полицияға жан-жақты көмек көрсетеміз. Қазір клиенттерге қызмет көрсету кезінде фотофиксация бойынша талаптарды күшейттік. Онда қызметкерлерді жұмыстан босатуға дейін шара қолданылады. Болашақта жүгінген клиентті дәл сәйкестендіру үшін биометрия жүйесін енгізуді қарастырамыз», — деп толықтырды мемлекеттік корпорация өкілі.

Бұған дейін Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Жандос Жанғозин атына 11 көлік тіркелгенін айтып шағымданғаны хабарланған еді. Көліктер оның атынан шығарылды, бірақ тұрғынның жарты миллион теңге салық қарызы бар. Сондықтан оның банктік есепшоттары бұғатталып, елден шығуына тыйым салынған және басқа да шектеулер бар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық