jasqazaq.kz

Аты мен тегін онлайн түрде өзгертуге болады

29 қантар 2019, 11:58

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ mGov қосымшасы арқылы «Электрондық үкімет» порталына қосымша 12 қызметті іске қосты.

Таратылған мәліметке сәйкес, аталған мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтамаларды ала алады. Сонымен қатар некеге тұру туралы қайталама куәлікке, әке екендігін анықтау туралы қайталама куәлікке, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке, некені бұзу туралы қайталама куәліктерге өтініш беру мүмкіншілік бар. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, электрондық еңбек биржасы, мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру mGov қосымшасы арқылы қолжетімді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беруде аталған қосымша арқылы жүзеге асырылады. «Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет) алуға болады. «Электрондық үкімет» мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті», — делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгінгі күні eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде