
1980-1990 жылдары ауған моджахедтерінің көсемі, дала командирі және қорғаныс министрі, Панжшер арыстаны лақапатымен белгілі Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд «Талибан» (Қазақстанда террорист деп танылып, тыйым салынған) қозғалысына қарсылық ұйымын жариялады. Бұл туралы ол француз жазушысы, философ Бернард-Анри Леви La Règle du Jeu журналында жарияланған хатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Масудтың айтуынша, Панджшер провинциясы қарсылық орталығына айналған. Ол сол жерге барып, өзін елдің уақытша басшысы деп жариялаған. Онда Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех те бар. Панжшер — «Талибан» бақылауына кірмеген жалғыз аймақ. Ол Кабулдан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде орналасқан.
Ақпарат көздеріне сілтеме жасаған БАҚ мәліметінше, қазіргі уақытта Панжшерге 10 мың жауынгер жіберіліп жатыр, оның ішінде бұрын Өзбекстанға қашқан маршал Абдул Рашид Достумның күштері де бар.