jasqazaq.kz

«Атбасар коньягі». Кәсіпкер әйелдің астыртын цехы (Видео)

23 қыркүйек 2021, 12:38

Атбасарда кәсіпкер әйел коньякқа дейін қолдан жасаған Атбасарда арақ-шарапты қолдан құятын астыртын цех әшкереленді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан әйел сапасы күмәнді ішімдіктерді қайда саудалағаны белгісіз. 

57 жастағы әйел жасырын цех ашу үшін біреудің гаражын жалға алыпты. КТК телеарнасы хабарлағандай, полиция есігін бұзып кіргенде спирт толы бөшкелер, пластмасс құтылар және де арақ айдайтын арнайы құрылғы тәркіленді. 200 литрлік бөшкелерде 1200 литр, құтыларда 90 литр спитр болған. Сондай-ақ арнайы бөтелкелерге 525 литр арақ құйылып, саудаға шығаруға әзір тұрыпты. Кәсіпкер әйел коньякқа дейін қолдан жасаған. Тәртіп сақшылары жасырын цехтан қоңыр түсті сұйықтық та тәркіледі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук осы оқиғаға байланысты былай дейді: «Заңсыз кәсіпкерлік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай ақ қолдан әзірленген арақ-шараптың қай жерде саудаланып жүргені, заңсыз кәсіпкерлікпен қашаннан бері айналысқаны да тексеріліп жатыр».

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия