jasqazaq.kz

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатыла ма?

08 маусым 2019, 11:19

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің тоқтатылуы туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеу жақынарада тоқтатылатыны туралы жалған ақпарат таралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарады. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды», — делінген министрліктің мәліметінде. Ағымдағы жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған. «Сонымен қатар, Еңбек министрлігі басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдіктермен бірлесе отырып, аз қамтылған және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселелерін шешті», — деді ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде