jasqazaq.kz

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың банкроттық жариялауына болады

20 желтоқсан 2022, 16:15

Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген қазақстандықтардың банкроттық жариялауына болады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай бойы алған азамат өзін банкрот деп жариялай алады. Заң жобасын әзірлеу барысында жұмыс тобы мен депутаттар осындай ұсыныс жасады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азамат өзін банкрот деп жариялағысы келсе, оның атында жеке мүлік болмауы тиіс. Сонымен қатар, банкке берешегі болса, есеп айырысу рәсімін жүргізуі қажет», — деді Ержан Біржанов Сенатта өткен азаматтардың төлем қабілеттілігі және банкроттығы туралы заң жобасын талқылауға арналған жиын барысында.

Оның айтуынша, соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бойынша жүргізіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде