jasqazaq.kz

Атасын ұрлап, ақша талап еткен

06 наурыз 2025, 14:16

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2004 жылы туған екі жігітке топ болып адам ұрлау және қарақшылық шабуыл жасау бойынша үкім шығарды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай, 20 жастағы Е. қаржыға мұқтаж болып, өз туған атасын тонауды ұйғарған. Ол қарт кісіні ұрлап, одан ақша талап етуді көздеген. Атасының жинаған ақшасы барын білген. Сонымен қатар, қария жеке көлігімен такси қызметін атқарып, жұмыс істеген. Жоспарын жүзеге асыру үшін жігіт спортшы досын серіктес болуға көндірген.

Белгіленген күні екеуі такси жүргізуші болып жүрген қарияны аңдыйды. Спортшы досы жолаушы ретінде көлікке отырады. Қаланың шетіне шыққан кезде, ол жүргізушінің мойнына арқан лақтырып, жұдырығымен ұрып есінен тандырған. Сол жерде оларды немересі күтіп тұрған. Жастар атасын скотчпен байлап, көзін таңып, телефоны мен 30 000 теңгесін тартып алған. Кейіннен спортшы досы қариядан мобильді банкинг арқылы ақша аударуды талап еткен. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің телефоны арқылы онлайн несие рәсімдеуге тырысқаны белгілі болды.

Қариямен келіссөзді тек спортшы досы жүргізіп, ал немересі үнсіз отырып, өзін танытпауға тырысқан. Ақыры зейнеткер мәжбүрлі түрде банкке кіру кодын айтқан. Шотында 13 миллион теңге бары анықталды. Қылмыскерлер байланған қарияны көліктің жүксалғышына салып, банкке бет алған. Алайда банк қызметкерлері оларға мұншама ірі соманы беруден бас тартқан.

Ашуға булыққан ұрылар бірнеше сағат бойы қарияны жүксалғышта ұстап, одан ақша аударуды талап еткен. Ақыры дегенде жәбірленуші 500 000 теңгені беруге мәжбүр болған. Содан кейін екеуі қарияны босатып жіберген.

Қылмыс жасаған екі жігіт төрт күн ішінде ұсталды. Сотта олар кінәларын жартылай ғана мойындап, полицияның оларды азаптау арқылы өздеріне жала жаптырғанын айтты. Алайда олардың кінәсі толық дәлелденді.

Зейнеткер сотталушыларға материалдық талап қоймады.

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты екі айыпталушыны 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей