jasqazaq.kz

Атасы мен немересі эскалатордан құлап қаза болды (Видео)

21 ақпан 2022, 10:42

Өзбекстанда 53 жастағы ер адам мен оның үш жасар немересі сауда орталығының төртінші қабатындағы эскалатордан құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.uz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болды, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер балаға жабық ми жарақаты, ми жарақаты, жамбас сүйегі сынған, оң жақ өкпенің контузиясы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы деген диагноз қойды. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр

Елді дүрліктірген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде