jasqazaq.kz

Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады

10 тамыз 2019, 16:44

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің тұтқындалуына байланысты мәлімдеме жасады. Видеоны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлады.

«Мен суретшімін. Саясатқа ешқашан араласқан емеспін. Бірақ қазіргі биліктің жасап жатқан шектен шыққан ісіне қарап отырып, менің әкемді заңсыз және әділетсіз ұстауына байланысты бұдан былай үндемей отыра алмаймын», — деп мәлімдеді Шагиева.

Оның айтуынша, қазір елде құқықтық нормалар бұзылып жатыр, оппозициялық телеарналар өшіріліп, БАҚ бойынша жалған ақпарат таратылып жатыр.

«Отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін қорқамын», — деді қыз. Әлия Шагиеваның айтуынша, әкесін тергеуге ұстап алу үшін сылтауратып шақырған.

«Қылмыскер Батукаевты Қырғызстаннан шығару бойынша дейді. Бірақ шын мәнінде әкемді оппозициялық қызметі үшін тұтқындағысы келді. Осылай оның көптеген жақтастарын қамады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты куәгерлік айғақ алу үшін әкеліп, мән-жайды анықтамастан тұтқынға алды. Әкем биліктен Конституциялық Соттың шешімін күтуді талап етті. Алайда ол БАҚ-қа Батукаевтың ісі бойынша білгендерін айтып берсе де, тергеу органдарына жазбаша түрде толық ақпарат беруге дайын болған. Әкем жағдай құқықтық арнаға түспейінше, Конституциялық соттың шешімі болмаған жағдайда, біз өзімізді қорғауға құқымыз бар екенін айтқан. Бұрынғы президенттің үйіне жасалған кез келген шабуыл автомат түрде заңсыз болып саналады», — деді Шагиева.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда