jasqazaq.kz

Атамбаевтың әйелі күйеуін қалай ұстап әкеткенін айтты (видео)

12 қазан 2020, 11:32

Раиса Атамбаева күйеуін қалай ұстап әкеткенін айтты.

Қырғыз елінің бұрынғы президенті үйінен кеткісі келмепті. Бірақ ол балаларымен бірге асығыс жиналып, жолға шығуға мәжбүр болған. Алайда алысқа ұзай алмаған.

— Біздің көлікке БТР келіп соғылды. Соққының салдарынан көлігіміз аздап бүлінді. Одан соң бірнеше брон көлік аулаға ентелеп кірді. Олардан бет-аузын тұмшалап алған адамдар түсті», — деді Атамбаевтың әйелі Известия басылымына берген сұқбатында.
Оның айтуынша, осыдан кейін бетін тұмшалаған адамдар бұларды жұлмалай бастаған.

— Мен балаларыммен бірге болдым. Көлікте Сейіт Атамбаев, Қадыр Атамбаев, Темірлан Сұлтанбеков және көлік жүргізушісі болған. Бәрімізді бетімізбен жерге — асфальтқа жатқызды. «Калашников па», білмеймін, қолдарында автомат бар, — деді ол.
Экс-президенттің әйелі балаларын жерде бір сағат жатқызып қойғанын атап өтті.

— Кейбіреуі келіп тепкілеп те жатты, — дейді Раиса Атамбаева.
Сонымен қатар, ол өз күйеуіне жасалған қастандыққа Қырғыз елінің премьер-министрі лауазымынан үміткер Садыр Жапаровтың жақтастарының қатысы болуы мүмкін дегенге сенбейтіндігін айтты. Олар экс-президенттің көлігіне ашықтан ашық сонша оқ атпас еді деп санайды ол.

10 қазанда Алмасбек Атамбаевтың ұсталғаны туралы белгілі болды. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) мәліметінше, экс-президент елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін ұсталған. Сол күні оның әйелі журналистерге ұлдары — Қадыр мен Сейіт Атамбаевтың, сондай-ақ Темірлан Сұлтанбековтің де ұсталғанын айтты. REN TV-нің хабарлауынша, жауап алынғаннан кейін экс-президенттің ұлдары үйлеріне босатылған.

https://youtu.be/QXfKYN44mxE

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде