jasqazaq.kz

Атамбаевты ұстау операциясы: ауруханаға оқ тиген 2 ер адам түсті

07 тамыз 2019, 22:36

Шу облыстық ауруханасына сағат 21.20-да жедел жәрдем кеудесіне резеңке оқ тиген 2 ер адамды жеткізілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Қырғыз республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне қарағанда, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шу облысындағы жедел жәрдем стансасына сағат 20.20-да хабар келіп түскен. Оқиға орнына Шу облысынан 5 жедел жәрдем жасағы, Бішкектен 3 жасақ жеткен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қой-Ташта Алмаcбек Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатыр. Еске салайық, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президенті Алмаcбек Атамбаевтан тиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған еді. Айта кету керек, бұған дейін Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесінде экс-президентке 6 бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес бөлімді қалдырды. Осылайша, Атамбаев Қой-Таш ауылынан жер телімін заңсыз сатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал Азиз Батукаевты қамаудан босатуға заңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын Субихи Пархатиге жалған сату, Бішкек қаласының Жылу электр орталығын қайта құру және ол үшін көмір сатып алу кезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініп отыр. Атамбаев осымен үшінші рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі А.Батукаевты босату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда