jasqazaq.kz

Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды

25 қазан 2019, 13:13


Сот шешімі соңғы, бұл қайта шағымдануға келмейді. Қырғызстан Жоғарғы сотының Конституциялық палатасы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыруы заңды деп мәлімдеді.
«Конституциялық палата мүшелері парламентте аталған қаулы қабылданар кезде, Ата заңға қайшы келмеді деп таниды», — деп мәлімдеді палата өкілі ТАСС агенттігіне.
Сот шешімі соңғы, бұл қайта шағымдануға келмейді, деп жазады centralasian.org.
Атамбаевты 8 тамызда өзі тұратын резиденциясына арнайы операция жүргізу арқылы ұстады. Оны оған дейін үш рет тергеуге шақырған. Маусым айында қырғыз парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Бірақ ол бұл заңды мойындамады.
Қазір елдің бұрынғы президенті арнайы қызметтің тергеу абақтысында жатыр. Ол бұрынғыдай қандай да бір куәлік етуден бас тартып жатыр.
Оның адвокатының айтуынша, бұрынғы президент 14 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Ол тәртіпсіздікті ұйымдастырды, билік өкілдеріне қауіп төндірді, заңсыз қару-жарақ тасымалдады және бірнеше коррупциялық істер бойынша күдікті ретінде айыпталып жатыр. Ол сонымен бірге Кой-Таштағы жер учаскесін заңсыз алды деп тергеліп жатыр.

zakon.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты