jasqazaq.kz

Атамбаевты берілуге көндірген басшының өзіне айып тағылды

14 тамыз 2019, 15:20

Қырғызстанның бас прокуратурасына Курсан Асановтың заңсыз әрекеттері дерегі бойынша ІІМ қызметтік тергеуінің нәтижесі келіп түсті, — деп хабарлайды 24.kg.

Ішкі істер министрінің орынбасары милиция генерал-майоры Курсан Асанов 7-8 тамыз күндері ішкі істер министрінің талаптары мен нұсқауларын елемеген. Ол ведомство басшысының келісімінсіз өз еркімен шешім қабылдаған. «Курсан Асанов ішкі істер органының жеке құрамын қауіпті жағдайда және пәрменсіз қалдырып кеткен, яғни, қазіргі заңнаманың ережелерін бұзды. Сондай-ақ қылмыстық-процестік заңнаманың талаптары орындалмады, бұл органдардан айғақтарды, іске маңызды құжаттарды жасыруынан байқалады. Қызметтік тергеудің нәтижесі зерттелген соң материал «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша Бас прокуратураның Қылмыстар мен әрекеттер бірегей тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі істі жүргізу Әскери прокуратураға тапсырылды», — деді Бас прокуратурада. Бұған дейін Курсан Асанов «қырғыз милициясын сатты» және «сенімді ақтамады» деген айыппен ІІМ басшысының орынбасары қызметінен кеткен болатын. Қырғыстанның бұрынғы президенті резиденциясында Атамбаев билікке берілуге келіскен кезде, Курсан Асанов пен Алмасбек Атамбаев ортасында жатқан қызғылт пакет әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген айып таққан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда