jasqazaq.kz

Атамбаев мәлімдеме жасады (видео)

08 тамыз 2019, 11:33

Қырғызстанның экс-президенті Алмаcбек Атамбаев күш құрылымдарынан халыққа оқ атпауды сұрады. Атамбаевтың бұл мәлімдемесін «Апрель» телеарнасы жариялады.

«Кұш құрылымындағыларға айтқым келеді: өз халқыңа оқ атпаңдар, мұның соңы жаман болады», — деді экс-президент. Сондай-ақ, Атамбаев мәлімдемесінде бейкүнә адамдардың зардап шеккеніне өкініш білдірді. «Бүгін мені ұстап әкетпек болды, бірақ өкінішке қарай, бейкүнә халық зардап шекті. Себебі мені ұстау үшін олар лаңкестікке қарсы «Альфа» арнайы жасаған жіберді. Біз террорист емеспіз. Мен де, халық та, үйімнің маңындағы адамдар да террорист емес», — деді Атамбаев. Оның айтуынша, арнайы жасақ арнайы құралдарды ғана емес, жауынгерлік қаруды да қолданған. «Өкінішке қарай, зардап шеккендер көп, ауыр жарақаттар алғандар да көп», — деді ол. Экс-президент оны ұстауға кедергі келтіргендердің барлығына алғысын жеткізді. «Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз», — деді Қырғызстанның экс-президенті.

https://youtu.be/eOW33STbtSg

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда