jasqazaq.kz

Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді

28 маусым 2019, 9:09

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сыйға алған тапаншасы бар екенін және «оңайшылықпен берілмейтінін» мәлімдеді.

Кеше Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент және сәйкесінше қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Атамбаевтың жақтастары оның Қой-Таш ауылындағы үйіне жиналды. Саясаткер журналистермен әңгімелесіп, жағдайды түсіндірді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

«Күш құрылымдары арасында біздің жақтастарымыз көп… Мені тұтқындауға дайындалып жатқанын білемін. Бәріне дайынмын. Егер ұстауға келетін болса, сыйға алған тапаншам бар екенін ұмытпасын, мен мұны ашық ескертіп жатырмын. Оңайшылықпен беріле салмайтынымызды білсін. Алайда маған жіберетін жігіттерді аяймын. Қырғызда «жатып өлгенше, атып өл» деген сөз бар. Менің жанымда ешкім болмайды», — деді Атамбаев.

Экс-мемлекет басшысы өзін қолдау мақсатында өткізілетін митингілерге қатысатынын айта кетті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда