jasqazaq.kz

Атамбаев ерекше құқығынан айырылды

27 маусым 2019, 14:42

Жогорку Кенеш экс-президент Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. Дауыс беру ашық түрде өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 103 депутат шешімді қолдап дауыс берсе, алтауы қарсы болды. Дауыс беруге барлығы 109 депутат қатысты. Аталған шешім бас прокуратураға жолданды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бұрынғы президентіне 6 эпизод бойынша айып тағу туралы шешім шығарды. Алайда, Жогорку Кенештің Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Бас прокуратураның Алмазбек Атамбаевқа тағып отырған 6 айыптың 5-уіне қатысы бар деген шешімін қолдады. Қырғызстаның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қазіргі таңда Қой-Таш ауылында жер телімін заңсыз алды, қылмыстық әлемнің серкесі А.Батукаевты заңсыз босатты, Субихи Пархатидің «Форум» ғимаратын алақтық жолмен сатты, Бішкек қаласындағы ЖЭС-сын реконструкциялау жұмыстары мен оған көмір сатып алу жұмыстары бойынша сыбайластық әрекеттерге жол берді деген айыптар тағылып отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда