jasqazaq.kz

Атамбаев 11 жылға сотталды

23 маусым 2020, 16:05

Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы болды. Первомай аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді. Сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ. Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент дәрежесінен айырып, қылмыстық істерін әшкерелеу үшін арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Атап айтқанда, Бішкек ЖЭО жаңғырту кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болған Әзиз Батұқаевты заңсыз босатуға, астаналық ЖЭО-на көмір сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа, Қой-Таш ауылынан жер телімдерін заңсыз сатып алуға және ақша жымқыруға қатысы бар белгілі болған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия