jasqazaq.kz

Атақты Роналдиньо екі қызға қатар үйленгелі жатыр

25 мамыр 2018, 10:23

Әлем футболының аңызына айналған Роналдиньо тамызда екі қызға қатар үйленгелі жатыр. Бұл туралы бразилиялық БАҚ-тарға сілтеме жасаған «Спорт-Экспресс» басылымы хабарлады.

38 жастағы «Алтын доп» иегерінің таңдауы Присцилла Коэльоға түскен, ол экс-футболшымен көп жылдан бері кездесіп жүрген, сонымен қатар футболшы өмірінде 2016 жылы пайда болған Беатрис Соузамен көңіл жарастырмақ. Қыз Белу-Оризонти тумасы. «Барселона» мен «ПСЖ» клубтарының бұрынғы жұлдызы екі сүйіктісіне шығындарына ай сайын екі мың доллардан ақша беріп, бірдей сыйлық жасап тұрады екен. Мысалы ол екі қалыңдығына бірдей қымбат иіссу сыйлаған, шетелге демалысқа бірге барады — наурызда ол екі сүйіктісімен де Жапонияда түскен суретін жариялаған. Тойда көптеген танымал адам болады деп болжанып отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, той Рио-де-Жанейрода өтеді. Тағы бір қауесет бойынша салтанатты шара АҚШ-тағы Санта-Моникада өтеді делінеді. Себебі Бразилия заңы бойынша көп әйел алу заңға қайшы. Мұндай заңды бұзған адам екі жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді