jasqazaq.kz

Атақты Криштиану Роналду қазақтың шапанын кимей қойды (видео)

26 наурыз 2018, 17:16

Әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға белгілі қазақстандық мұнай компаниясының өкілдері шапан кигізіп, кәдесый тарту етті.

Отандық «Теңіз шэвройл» компаниясы өкілдерінің әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға шапан кигізіп, еліміздің көк туын таныстырып жатқан видеосы Instagram-дағы ZTB паблигінде пайда болды. Бейнежазбадан бір топ қазақстандық азаматтардың белгілі спортшыға мемлекеттік туды таныстырып, сондай-ақ, сыйлық ретінде қыранның мүсінін сыйға тартқанын көруге болады.

Компания өкілдері, өз кезегінде, футболшыға шапан жауып та үлгерді. Олар Криштиануға «Қазақстанда шапанды сыйлы, беделді тұлғаларға кигізетінін» айтуда.

Желі қолданушыларының біразы спортшының сыйлықтардан бас тартып жатқанын айтып, «Ұят болды», «Менсінбей тұр», «Шапанды үстіне кисе болатын еді» деп сынап тастаған. Ал, кейбірі, «онда тұрған ештеңе жоқ», «жарайсыздар» деп тарту сыйлаған азаматтарға алғысын жаудырып жатыр.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде