jasqazaq.kz

Ата-анасының Димашқа арнаған ақ тілегі жұрттың жүрегін елжіретті

24 мамыр 2018, 17:44

Бүгін – есімді әлемді шарлаған дарынды әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Жас болса да, әлемдік сахнаны бағындырған жерлесіміз бүгін жиырма төртінші туған күнін атап өтуде. Бұл орайда ет жақындары мен өнердегі әріптестері Димашты меншікті мерекесімен жарыса құттықтауда.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Димаштың ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар желіде Димашқа арнап ақжарма тілектерін білдірді. Айтбаевтардың жантебірентерлік жазбасы көптің көзіне жас келтірді.

“Сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ата-анамның “ұлды болдық!” деп шаттанып, ұлан-асыр той жасағаны, қуаныш үстінде “Балапаным! Ата-анамның əлдиісің! Алып ұшқан көңілімнің əн-күйісің!
Шат күлкімен өмірге адым баса ғой! Бақытыңның шектелмесін мөлшері, жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі!” деп əн арнағаным – күні кешегідей көз алдымда.

Бəріміздің махаббатымызға бөленіп өстің. Əсіресе папамыз бен мамамыздың өзіңе деген сезімі ерекше болатын! Əлі күнге солай – төбеңнен құс ұшырмайды! Мамамыз басыңнан сипап отырып “менің құлыным бойы ұзын, ойы биік, арманы асқақ, жүрегі жұмсақ, мейірімді азамат болып өседі” деп айналып, толғанушы еді.

Сен ақылды азамат боп ержеттің. Өмір – бұралаңды соқпақтардан, даңғыл жолдардан, жабысқақ батпақтардан, мөлдір айдындардан тұратын күрделі əлем. Əр адам өмірге өз терезесінен қарайды. Біреудің терезесі кіршіксіз таза – ол əлемнің бəрін əдемі етіп көреді, ал бір адамдар айналаға жуылмаған кір терезесінен қарайды.

Қандай адамды кезіктірсең де бойынан жақсылық іздеуге тырыс, шаттық сыйлауға тырыс! Бүгін туған күнің! Өмірің мəнді де сəнді болсын! Өзіңді, өнеріңді жақсы көретін ата-ана, бауырларыңның, дос пейілді жандардың, тыңдармандарыңның қуанышы бола бер! Ғұмырың ұзақ, бақытты болсын, Диконым!” – деп жазылған Қанат және Света Айтбаевтардың ресми парақшасында.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді