jasqazaq.kz

Ата-анасы вакцина алмаған оқушы мектепке бара ма?

25 тамыз 2021, 13:20

Оқушының ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаса да, бала мектепке барып оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біріншіден, баланы мектепке бару құқығынан айыра алмаймыз. Екіншіден, ата-анасы ауырмаса, ауырған адаммен байланыста болмаса, балаға неге мектепке бармасқа? Ата-аналардың статусын да қарап отырамыз. Егер мектепке келген баланың, университетке келген студенттің дене қызуы болса, ата-анасы ауырса, сол сыныптағы баланың індетті жұқтырғаны анықталса, ол бала 14 күн қашықтан оқу форматына ауыстырылады», — деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол балалардың вакцина салдыру-салдырмауын білім және ғылым министрлігі шешпейтінін айтты.

«Бұл мәселені талқылап жатқан жоқпыз, өйткені ол біздің құзіретімізде емес. Біз білім және ғылым министрлігіміз. Сарапшылар, денсаулық сақтау министрлігі офлайн оқуға құқық беріп отыр. Министрліктің жұмысы – тиісті жағдайды ұйымдастыру», — дейді министр.

Сұхбатта Нартай Аралбайұлы «мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің вакцина құжатын сатып алмағанына министрлік кепілдік бере ала ма?» деген сұрақ қойды.

«Оған кім қай жерде кепілдік береді? Бұл тек білім саласына ғана емес, барлық салаға қатысты мәселе. Біздің жүйеде 500 мың мұғалім бар. Сол 500 мың адамның барлығы вакцинаға қатысты дұрыс шешім қабылдағанына кепілдік бере аласыз ба? Бере алмайсыз. Бұл тұрғыда әріптестеріміздің санасына сенеміз, ұстаз болғаннан кейін мәселені түсінеді деп ойлаймын», — деп жауап берді министр.

Биыл 2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылар дәстүрлі форматта білім алады. Мектепке педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіре алады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия