jasqazaq.kz

Ата-аналарға ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады

05 сәуiр 2021, 14:21

ҰБТ барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап сақталады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

«Ғимаратқа кіргізу маскалық режимді сақтай отырып, кемінде 2 метр арақашықтық арқылы іске асырылады. Әрбір талапкер дизинфекциядан өтеді және әрқайсысының оргәйекпен қоршағалған өзінің орны болады», — деді Ә. Тойбаев Орталық коммуникациялар қызметінде. Әрбір талапкер жеке компьютерде отырып, ҰБТ тапсырмаларын орындайды. Білім министрлігінің мәліметінше, тестілеудің барлық қатысушысы ҰБТ басталар алдында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекциядан өтеді. Тестілеуге кіргізу кезінде қатысушылардың аяқ киімдері мен қолдары арнайы құралдарымен өңделеді. Бет маскасының дұрыс тағылуын қадағалау мен температураны өлшеу арнайы Face ID планшетінің көмегімен жүзеге асырылады. Тестіленушілерді кіргізу және аудиторияда отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталады. Аудиториялар желдетіліп, дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады. Олар үшін аудиториядан бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия