jasqazaq.kz

Ата-аналардан ақша жинаған Ақмола облысының білім қызметкерлері жазаланды

24 желтоқсан 2020, 21:30

Ақмола облысында оқушылардан заңсыз ақша жинаған білім қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен мәлім еткендей, биыл 1424 Call-орталығына өңір тұрғындарынан 20-дан астам қоңырау түскен. Олардың арасында білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинауға қатысты мәселелер де бар. Мәселен, Атбасар қаласының әртүрлі мектебінде білім алатын оқушылардың ата-аналарынан оқу орындарының қажеттілігіне ақша жиналғанына қатысты арыз түскен. Осыған сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингілік топ пен облыстық Білім басқармасы көшпелі қызметтік тексеру жүргізген. 330-ға жуық ата-анадан анонимді сауалнама алынған.

«Тексеру нәтижелері бойынша қала мектептерінің түрлі қажеттіліктері үшін заңсыз ақша жинау фактілері анықталды», — деді департаменттен.

Сондай-ақ осыған ұқсас фактілер Степногорск қаласының білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру барысында да анықталған. Нәтижесінде, Атбасар ауданының және Степногорск қаласының білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың білім беру мекемелерінің басшылығымен түсіндіру кездесуі өткізілді», — деп қосты ведомстводан.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия