jasqazaq.kz

Ата-аналардан 30 млн қарыз алып, қашып кеткен

12 маусым 2018, 10:11


Қарағандыда жеке меншік балабақшаның иесі ата-аналардан 30 миллион қарыз алып, қайтармай қойған. Айлакер әйел н қарыз сұрағанда «балаңды балабақшамен тегін қамтамасыз етемін» деп алдапты.
Бұл туралы Евразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.  Енді зардап шегушілер балабақша иесіy жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқып отыр. Себебі оның жоғары билікте танысы мен қалтасында қаражаты жетерлік дейді. Қарызға белшесінен батқан әйел қазір тергеуде болса да, тағы бір балабақша ашып үлгеріпті.
«Оған қарыз бергенде баламыз алты жасқа дейін балабақшаға тегін барады және бар ақшаны үш ай ішінде қайтарып береді деген шартпен берді. Бірақ ол мерзім өтсе де қарыз төленбеді. Басшының бірнеше балабақшасы банкротқа ұшырап, жабылып қалды деп естідік» дейді ата-аналардың бірі.
Ал қалалық білім бөліміндегілер жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорымен ешқандай келісімшарт жасамағанын айтып отыр. Қазір алаяқ әйелге қатысты 22 қылмыстық іс қозғалған. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде дейді Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде