jasqazaq.kz

Асырап алған баласын азаптап өлітірген әйел сотталды

05 наурыз 2025, 10:41

Щучинск қаласында асырап алған екі жасар баласын азаптап өлтіріп, оны 4 жыл жасырып келген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сәбидің 65 жастағы өгей әжесі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

КТК ақпарына сүйенсек, қылмыс былтыр көктемде әшкере болған. Бес бала асырып алған отбасында бір балақайдың басы жарылып ауруханаға түседі. Сол кезде қамқоршысы шатасып, ауырған баланың емес, өлген баласының туу туралы куәлігін апарған.

Басы жарылған баланың жарақаты оқыс құлағаннан емес, әдейі ұрғаннан болуы мүмкін деп күдіктенген тәртіп сақшылары тексеріс жүргізсе, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмған. Оның мүрдесін жер үйдің ауласына көміп тастаған.

Сотта әжесі кінәнің бәрін өз мойынына алып 21 жылға сотталса, шешесі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Дархан Бейісов, Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы:

«Кухаль Надежда Васильевна қорытынды сот үмімі бойынша 21 жылға бас бостандығынан айрылсын. Өмір бойына педагог қызметін көрсету мен кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан айрылсын. Ал Трофимова 4 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айырылып, кінәсін орта деңгейдегі қылмыстық атқару мекемесінде өтесін».

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын