jasqazaq.kz

Асыранды екенін білген 10 жасар бала отбасынан кетіп қалған

15 қазан 2018, 11:18


Қырғызстанда он жасар бала ата-анасы асырап алғанын білгеннен кейін үйден кетіп қалған.  «Жауапты ата-аналар мектебінің» жетекшісі Антон Путилин Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатынан.

Антон 23 жасында әке болған: әйелі екеуі алғаш рет тоғыз жасар қызды асырап алыпты. Қазір Путилиндер отбасында бес бала бар, Ульяна оның біреуін ғана өзі босанған. Жас ата-анаға өзгенің баласын бауырына басу оңай соқпапты: мәселен, бір қыз күйзелістен ұзақ уақыт қалпына келе алмай жүрген. Дегенмен қиындықтың бәрі артта қалды. Бүгінде Антон Путилин басқаратын «Жауапты ата-аналар мектебі» қырғызстандықтарға өзгенің баласын қалай өзіңдікі қылудың жолдарын үйретеді.

Антонның айтуынша, ең алдымен баладан оны асырап алғаныңды жасырмау керек. Оның соңы жақсылыққа әкелмейді.

«Бала шындықты бір күні болмаса бір күні біледі! Айталық, ата-анасының сөзін кездейсоқ естіп қойып жатады. Немесе әжесі ашу үстінде айтып салуы мүмкін… Мынадай бір оқиға болды. Бала ерекше түс көріп, ата-анасын сұрақтың астына алған. Олар әлденені бір айтып отырып, ақырында бәрін мойындауға шешім қабылдайды. Содан кейін он жасар бала заттарын сөмкеге салып, үйден кетіп қалған. Қазір ол интернатта тұрып жатыр, енді ешбір отбасында тәрбиеленгісі келмейді», – дейді ол.

Sputnik  

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық