jasqazaq.kz

Асылып өлмек болған жігітті құтқарып қалды

26 қараша 2019, 11:09


Алматы облысында 3 қаржы терминалын бұзып, 64 мың теңгені қолды қылған азамат асылып өлмек болды. Оқиға Алакөл ауданының Үшарал қаласында тіркелді.

Қарашаның 23-не қараған түні белгісіз біреу аудан орталығындағы үш терминалды бұзып, ішіндегі 64 мың теңгені иеленген. Осы факті бойынша жергілікті полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтауға кіріседі. Іздестіру барысында күдікті 25 жастағы Еңбекші ауылының тұрғыны екені анықталады. Азамат бірнеше рет тәртіп сақшыларының көзіне түсіп, бөлімшеге әкелінген болып шықты. Ақпаратты анықтау барысында аудандық қылмыстық іздеу бөлімінің лейтенанты Дастан Әлімжанов келеңсіз оқиғаның куәсі болды. Қонақ үйдің бөлмесінде есікті ішінен бекітіп алған ер азамат белдігіне асылып өмірімен қош айтыспақ болған. Күдіктінің тұншығып қорылдай бастағанын естіген полицей қосымша кілтпен есікті ашып, күдіктіні белдігінен шешіп, ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді. Алматы облыстық полиция департаментінде терминал тонау фактісі бойынша тергеу жалғасып жатқандығын және ұрланған қаржының басым бөлігі мен терминалды ашу құралы айғақ зат ретінде іске тіркелгенін мәлімдеді. Терминал иелеріне 700 мың теңгеден астам залал келтірілген. Атап өтерлігі күдіктінің ата-анасы полиция бөлімінің қызметкерлеріне баласын өлім аузынан алып қалғаны үшін алғыстарын білдірді.

ҚазАқпарат

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда