jasqazaq.kz

«Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды

02 сәуiр 2020, 11:13

#үйдеотыр

Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды. 

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кешеннің аумағын полицейлер қоршауға алған. Кезекшілікке әскерилер де жұмылдырылған. Карантинге жабылған аймаққа дезинфекция жұмыстары кешенді жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын қадағалау үшін, арнайы дәрігерлік амбулатория қойылып, азық-түлік те арзан бағамен жеткізіледі. Айта кетейік, «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі 2 тұрғыннан коронавирус анықталды. Оның ішінде 1995 жылғы әйелдің аяғы ауыр. Бұған дейін індет бір тұрғыннан анықталған сәтте сол тұрғын тұратын үйдің подъезі карантинге жабылған еді. Жалпы Алматы облысында коронавирусты 9 адам жұқтырған. «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5088 пәтер бар.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі