jasqazaq.kz

Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени емес мұралар тізіміне енді

07 желтоқсан 2017, 15:31

7 желтоқсан күні ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраны қорғау Үкіметтік емес комитетінің XII сессиясы аясында қазақтың ұлттық ойыны асық ату ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасы ретінде танылып, тізімге кірді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Сессия аясында Қазақстанның арнайы көрме бұрышы көрсетіліп, асық ойыны баршаға паш етілді. Осы шара барысында сессияға келген елдердің мүшелері асыққа ұқсас ойынның өздерінің де елдерінде бар екендіктерін айтып жатты. Осының негізінде асық физикалық дайындықты дамытып қана қоймай, елдер арасындағы достықты нығайтатынын байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, өскелең ұрпақ аталған спортты сақтау мен дамытуда басты рөл атқарады. Айта кетейік, номинацияға дайындықты ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Материалдық емес мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің сарапшылары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі жүргізді. Қазақстан материалдық емес ұлттық мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан бері (2011жыл, желтоқсан) ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар репрезентативтік тізіміне Қазақстанның қатысуымен 7 номинация ұсынылды: «Домбырада күй орындау» (2014 ж.), «Қазақ күресі» (2016 ж.), Қырғызстанмен бірлесе «Киіз үйді құру» номинациясы (2014 ж.) және «Айтыс/Айтыш өнері» (2015 ж.), сонымен қатар «Наурыз» бойынша өтінім берген 12 мемлекеттің қатарына кірдік, «Бүркітпен аң аулау» (18 мемлекет), «Жұқа түрік наны» (5 мемлекет). Соңғы үшеуі тізімге 2016 жылы енді. Қазақстандық өтінімнің ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мұраларының халықаралық дәрежеде танылуына және ұлттық деңгейде оны қорғаудың жүйелі шараларының жасалуына ықпал етеді. Жуық арада Қазақстан ЮНЕСКОның Материалдық емес мұралардың репрезентативтік тізіміне «Қазақ атбегілерінің көктемгі дәстүрлері» және Әзербайжан, Қырғызстан, Түркиямен бірлескен «Қоркыт ата мұрасы» өтінімін қарастырады.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды