jasqazaq.kz

Асығыс үйленген алматылық жігіт опық жегенін айтты

25 маусым 2018, 14:13

Алматылық жігіт қалыңдығымен бір ай ғана кездесіп, кейін үйленіп, артынша аталған әрекетіне өкініп қалғанын әңгімелеп берді. Айтуынша, жарының «қыз емес» екенін білген ол біршамама уақыттан соң онымен ажырасып тынған деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматылық Арсен есімді жігіт (авт. аты-жөні өзгертілді) жеке өмірінде болған «махаббат дастананын» айтып берді. Жасы 25-ке келген жігіттің айтуынша, ол болашақ жарының «пәк емес» екенін біліп, кейін 3 айдан соң ажырасып кеткен.

«Үйдің жалғызы болғандықтан, ата-анам маған үйлен деп жиі қолқа салатын. Бірақ не керек, ойымдағы қызды кездестіре алмай көп жүрдім. Баянға дейін де (авт. жұбайының есімі де автордың өтінішімен өзгертілді) талай қыздар болды.
Бірақ неге екенін білмеймін, мен сол қызға, яғни, өзімнің бұрынғы әйеліме қатты ғашық болдым. Бір көргеннен ұнатып қалдым десем болады. Оның да маған деген сезімі бар екенін сездім.

Сөйтіп, апыл-ғұпыл бір айдың ішінде үйдегілерге «үйленемін» дедім. Баянның ата-анасы да біздің шешімімізге қарсы болмады. Әке-шешемнің де бар арманы сол еді, тездетіп тойдың қамына кірісіп, қалыңды ұзатып алып келдік.
Бірақ, мәселенің бәрі сол ұзатудан кейін туды. Құдай қосқан жарым «қыз» болмай шықты», — деп әңгімесін бастады жігіт.

Сонымен бірге, ол «әйелін қалай кешіргісі келсе де, мұнысынан түк шықпағанын» айтып берді.

«Төбемнен жай түскендей күй кештім. Бір көргенде өте тәрбиелі, биязы, ибалы қыз сияқты болып көрінген. Өзімнен бес жас кішілігі тағы бар. Бірақ, тағдырдың жазғаны сол болар, бәрі мен ойлағандай болмай шықты.
Қатты сүйгендіктен, онысына көз жұма қарап, кешіргім де келді. Алайда қолымнан келмеді. Сосын бәрінен қызғанып, оның әр сөзіне сенбеуді шығардым. Ақыры 3 айдан кейін ажырасып тындық.

Ол өз өмірімен, мен өз жайыммен кеттім. Маған тіпті онымен бір қалада өмір сүру де қиын болды. Сол себепті ата-анамның да өтінішіне қарамай, Астанаға келіп, тіршілік жасап жатқан жайым бар», — дейді ер адам.
Бір айдың ішінде отау құрып, өкініп қалған Арсен «жастарға үйленуге асықпаңыздыздар екен» деген кеңесін де айтып қалды.

«Бір көргеннен адамның қандай екенін біле алмайды екенсің. Жастарға айтарым, үйленбестен бұрын, біраз кездесіп, ақылға салып шаңырақ көтерсеңіздер екен деймін. Әйтпесе, мен сияқты опық жеп қаласыздар. Қазір қыздарға сенуден қалғанмын. Кім біледі, қыз біткеннің бәрі ондай емес шығар, бірақ адамның бір көңілі қалса, қайта біреуге сенуі қиын екен», — деп әңгімесін аяқтады ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде